Қанжар - М-К. А. Тузелбаев
- Категория: Фантастика и фэнтези / Боевая фантастика
- Автор: М-К. А. Тузелбаев
- Страниц: 10
- Добавлено: 2022-07-31 20:00:32
Внимание! Книга может содержать контент только для совершеннолетних. Для несовершеннолетних просмотр данного контента СТРОГО ЗАПРЕЩЕН! Если в книге присутствует наличие пропаганды ЛГБТ и другого, запрещенного контента - просьба написать на почту free.libs@yandex.ru для удаления материала
Қанжар - М-К. А. Тузелбаев краткое содержание
Прочтите описание перед тем, как прочитать онлайн книгу «Қанжар - М-К. А. Тузелбаев» бесплатно полную версию:2001 жылы 21–ші қаңтар күні Жер ғаламшарына келімсектер келді. Ол кезде біз үшін келімсектердің кім екені де, олардың қай ғаламшардан келгені де белгісіз болды. Адамзат үшін өзге ғаламшарлық қонақтардың тілі, технологиясы, немесе өркениеті белгісіз болған. Бірақ біз үшін анық ақиқат: жатғаламшарлықтардың қару-жарағы бізге қарағанда әлде қайда дамыған, екіншіден, олар оны бізге қарсы қолдана алады және қолданды. Сол жылы жер жүзінде болмаған ең үлкен және ең қанды соғыс болды. Егер бұған дейін адамдар адамдармен соғысса, бұл жолы қанды шайқаста құру алдында тұрғандықтан бүкіл халық ортақ жаумен шайқас үшін бір жұдырық жұмыла жұмыс жасасты.
Соғыстан кейінгі жылдарда тіпті егер алғашқыда қарағанда одақта тату тәтті өмір сүрсек те, «Жер» тұрғындары жатғаламшарлық шабылшыларға қарсы жасырын қарсылық күштері олардың әлсіз жерлерін тауып күшті соққы беруге деген талпыныстарын бір мезетке де тоқтатқан жоқ болатын. Осындай қарсылық күштерінің ішіндегі топтарының біреуі«Қанжар» деген атауға ие.
Қанжар - М-К. А. Тузелбаев читать онлайн бесплатно
М-К. Тузелбаев
Қанжар
Бірінші бөлім: Танысу
2013 жыл. Маусымның жетінші жұлдызы күні.
Қазақстан республикасы. Қызылорда обылысы. Қармақшы ауданы. Жосалы ауылы. «Қанжар» қарсылық – соққы күшінің уақытша тұрғын орны.
– Аяқ астыңа қарап жүрмейсіңбе, Дэмиан – деді Вироника – миының орнына бұлшықет басқан ақымақ.
– Өзің емес пе кеше кешке дейін компьютермен жағаласып отырған қалпыңда ұйықтап. – Ардо күліп жіберді.
– Оның бұған қандай қатысы бар? – Вероника ақпараттық жөніне келгенде ешқашан өзінің кінәлі екенін мойындамас еді.
– Тц. Қалайша қандай қатысы бар?! Сенің ұйқыда қалай тыныш жататыныңды бәріміз білеміз ғой! – Дәмиан да мазақ етіп жіберді.
– Я-я, бәрі менің кінәм. Маған бәрін жаба салың. Ешқандай маңызды нәрсе быт – шыт болып сынған жоқ қой! Бар болғаны бәріміз соңғы 7 апта бойы жинаған және бар болғаны менің соңғы 5 күн бойы ұйқысыз реттеп жинаған мәліметтер бар тасымалдамалы дискет қана жоғалды! – Вироника атылуға дауын тұрған вулкаға ұқсап кетті
– Ештеңе етпес, ішіндегі платаны алып, барлық информацияны қайта қалпына келтіруге болады емес пе, Вироника?! – Дэмиан әңгімені өзінен аударуға тырысты.
– Қалпына келтіруге болар еді, егер оның үстінде 138 килограммдық біреудің аяғы таптап өтпеген болса ғана. О, айтпақшы, Дэмиан, сен неше килограмм тартатын едің? А, я, 138!
– Мәліметтерді ортақ дискетке ауыстырған жоқсың ба?! Ештеңе етпес. Бар болғаны жаңа тасымалдамалы дискетке ауыстыра саласың. – Ардо өзінің күнделікті кофесін енді ішіп бітіріп жатырған.
– Онда болған. Мұнда маңызды сөз «болған». Егер ұмытып қалмасаңдар біздің команда осы қарғыс атқыр ғаламшардың құрып кеткір жатғаламшарлық шабуылшыларға қарсы бейшара жасырын қарсылық күштерінің ең «танымал» құпия соққы күшіміз. Бұл не деген сөз!? Дұрыс, бізге мәліметтерді не бір виджедтте ұзақ уақытқа, не бұлтшада сақтауға бол-май-ды. Егер ол аз болса біздің қазір тұратын орнымыз уақытша ғана, және жоспар бойынша бүгін осы жердің түбінде соңғы күніміз болу керек еді. А, я, болған! Неге болған? Дұрыс, себебі 2 минут бұрын бір топастың аяғы жолда пайда болды! Соңғы екі айға жуық жұмыстың барлына крест койдың. – Веронка әлемдегі ең мықты программистерінің бірі болып келеді. Бәлкін бұл оған әкесінен келген шығар (Верониканың әкесі Андрей 12 жыл бұрын әлемдегі ем қауіпті хакерлердің ішінде үшінші орында тұрған болатын).
– Егер ұмытпасаң жалғыз сен емес соңғы 1 аптадан аса уақыт бойы ұйқысыз түн кешкен. Бұл ұйде барлығымыз дерлік осы уақытта көз ілмей өткізуімізге тура келгенін ұмытпағайсың! -
– Жарайды – жарайды! Енді барлық мағлұматтық тізбекті қайта қалпына келтіруге тура келеді, тек қана ең бастысы ешқандай мағлұматты ұмытпай қайта қалпына келтіру керектігіне қарамастан, онымен қоса тұра барлығының рет – реті мен орын – орындарында бұрыс болу қажеттілігін ұмытпайық! Ал ол кем дегенде тағы 2 күндік жұмыс. Ура – а, әрқашан уақыттан тыс жоғары жұмыс жасағым КЕЛГЕН! – Вироника ашу – ызадан орындықты теуіп жіберді.
– Не болды соншама айқай шығарып, а? Енді ғана ұйқыға кете бастаған едім. – осы кезде жатын бөлмеден бір көзін енді аша алмай Лу Хао шығып келе жатырған.
– О, кешірерсіз, біздің Ұйқыдағы Ханшайым!
– Ия, сен бүгін нағыз «қонақжайсың» ғой! Не болып қалды соншама таң атпай!? Соңғы күндеріңде қуаныштарыңды біртүрлі көрсетіп жатырсың ғой! – Лу Хао бір қабағын жоға көтеріп қарады.
– Білмеймін, мүмкін себебі соңғы аптадан аса уақыт бойы ұйқының не екенін жер бетінде бұрын – соңды болмаған, және байқа, тура мағынада, бұған дейін ғаламшарда аналогиясы болмаған және мағынасы жағынан тіпті жердегі түсініктерге сәйкес келеме екендігі де белгісіз тілді аударуға тырысқандықтан шығар немесе соңғы рейдтен кейін сақтықты арттыру үшін 10 есе белсендірек қарауылда тұрғандықтан шығар?! – Дэмиан келімсектер келмес бұрын әлемдегі ең үздік 100 ұшқыштардың қатарына, тіпті үздік 50 ұшқыштардың қатарына кіретін. Соғыстан кейін Дэмиан жердің ең үздік бестік, тіпті үштіктердің қатарына кіруіне болар еді, егер ресми құжаттар бойынша Дэмиан 5 жыл бұрын қаза тапқан болмаса.
– Егер сен біраз уақыт бұрын келсең неге бүгін жолға шыға алмайтынымызды білер едің. – Ардо жалдамалы кісі өлтірушілердің ішіндегі ең үздіктерінің бірі болған. Соққы күшінің ең шулысы болуымен қатар қаншалықты қарама – қарсы естілседе, оның ішіндегі ең «тыныш» мүшесі.
– Не болып қалды, ауа-райы қолайсыз ба? – Лу Хао қытайдағы ең үздік қоян – қолтық және жекпе – жек қырылыс өнерін үйрететін мектептерінің алдыңғы қатарлы шәкірттерінің бірі болған, енді команданың жеке азпазшысы сонымен қатар топтың ішіндегі «жалғыз» тірі жан.
– Солай деп айтуға болады. 46-шы мөлшері түріндегі жауын – шашын жауды.
– Не..? А-а, мен түсінген сияқтымын, сендер мағлұматтық қорап жайында айтып жатырсыңдар ма? Сендер кеше түнде бәрің ес – түссіз талып ұйықтап қалған кездеріңде мен жолға заттарды жинап жатқан кезде бірге жинап тастағанмын. Егер сендер 5 секунд болсада кішкене көңіл бөлсеңдер мағлұматтық қораптың басқаша екенін байқар едіңдер. Сендер айтқандарыңдай соңғы уақыттарда ұйқының жетіспеушілігіне байланысты психалогиялық энергияларың өте төмен деңгейде болғанымен менікі бірқалыпты екенін ұмытпаңдар. Сондықтанда мен соңғы күннің алдында барлық дайындықтарды алдын- ала дайындап тастайын дегенмін. – осы кезде Лу Хао жерде жатқан қоқыстардың арасынан дискеттің сынған бөлшектерін көреді.
– Саған қаншанғы айтам, мағлұматтық қорап өте ұзақ оның үстңне қолайсыз, дискет деп айт, ДИС.. Тоқта, сен не дедің? Жинап тастадым дедің бе? Демек дискет сау ма? Неге ертерек айтпадың?! Менің бостан – босқа өліп қалған жүйке – жүйе жасушаларым-ай!
– Егер байқамасаңдар, мен енді ғана ұйқыға кеттім, ал сендер енді оянып жатырсыңдар. Онымен қоса ұйқысыздық сендердің көру қабілеттеріңді соншама нашарлатады деп ойламаппын, әйтпесе не дискеттің басқаша екендігін байқамауларыңның себебін мен түсіндіріп бере алмаймын.
– Егер бәрің оянсаңдар мен ұйықтап алам. 2 сағаттан кейін шығамыз. Оған дейін мені оятпаңдар – осы кезде екі аяғын устел үстіне қойып бетінде қалпақ жабылып шалқайып отырған Бекнұрдың дауысы естілген болатын.
– Тоқта, сен не, Лу Хао заттарды жинап тастағанын білдің бе, және біле тұра үндемей отыра бердің бе???
– Егер ұмытпасаңдар, қаіпсіздік ережесі бойынша қарауылда кем дегенде екі адам қалу керек. Лу Хаомен 2 адам болады. Оның үстіне меннен ешкім ештеңе сұрамады. Ал енді мен ұйықтаймын. Мені 2 сағаттан кейін оятыңдар. Содан кейін 3 минуттан кейін жолға шығамыз. – Бекнұрдың аз сөйлейтініне байланысты оның 32 тіл білетін әлемдегі ең мықты полиглоттардың бірі болуымен қатар денесіне қарап 5 докторлық дәрежесі бар ғаламшардың «миының» бірі деп айтуға болмас.
– М-м-м. Я. Арамыздағы тілдер туралы ғалымымыз сөйлеуді ұнатпайды! Бұл әлемдегі ең үлкен «әзіл» шығар!
Екінші бөлім: Жолға.
Талғар темір жол станциясы; Кіреберіс хол;
Күннің жарық сәулесінде станция алдына қара түсті «Волга» маркалы жеңіл көлік тоқтады. Көліктің нағыз түсі қара түсті болғанымен 4 есіктің біреуі сары түсті. Көлікті айдап отырған Қайрат осы көлікті өз қолымен өзге көліктердің бөлшектерінің көмегімен жөндеп алған. Жыл сайын тек Қазақстанда ғана жоқ – жоқ дегенде кемінде 1000 – нан астап көлік осылай «құрастырылады».
Көліктің сол жақтағы артқы есігі ашылып, ішінен орта жастағы әйел адам түсті. «Жүк тасып береміз», «жүк тасумен көмектесеміз» – станция айналасында арлы – берлі ұшып жүрген сиренасы бар жүк тасығыштар
Жалоба
Напишите нам, и мы в срочном порядке примем меры.